5
«
П
еріште» сөзінің мағынасы
«Періште» сөзін тілдік тұрғыдан қарастыратын
болсақ, оларабтіліндегі «мәлак»сөзінің«ә-л-к»түбірінен
тарайды. Яғни мәлак сөздікте – «хабаршы», «елші» және
«күш-қуат»
1
деген мағыналарды білдіреді. Ал ислами
түсінік тұрғысынан алғанда «мәләк» (періште) сөзіне
«түрлі бейнеге кіре алатын, жынысқа бөлінбейтін және
бір ғана Аллаһқа құлшылық ететін нұрлы жаратылыс»
2
деген анықтама беруге болады.
П
еріштелердің бар болуының дәлелдері
Ілкіден бері адам баласын қызықтырып келе
жатқан мәселенің бірі – жер бетін мекендейтін басқа да
көзге көрінбейтін болмыстардың бар яки жоқ екендігі.
Айталық, періштелер мен жындар әлемі.
Ғайыпқа сену – мұсылман болудың басты
ерекшеліктерінің бірі. Адам баласы материялдық
әлемде өмір сүре отырып, рухани әлемнің де бар
екендігін ұмытпауы тиіс. О дүние – адам үшін сезім
мүшелерімен сезінуге келмейтін тылсым жайт. Осы қос
дүниенің арасында бейне бір арнайы перде тұтылғандай
адам баласының маңдайына бұл ақиқатты көзбен көру
жазбаған. Алайда, біз періштелердің бар екенін ең
сенімді дереккөздер: Құран мен сүннет арқылы білеміз.
Бұндай сенімді дереккөздер болмағанда тіршілікті
осы дүниемен ғана шектеп, өлімді
іріп-шіріп жоқ бо-
лып кету
деп қана ұғар ма едік, кім білсін?! Осы ретте
адамзатқажол сілтеу үшін үздіксіз пайғамбарларжіберіп,
1
Қараңыз: Мәждуддин Фирузабади, әл-Қамусул-Мухит, ІІІ/330
2
Тафтазани, Шәрхул Мақасид, Әламул Кутуб, ІІІ/368