Previous Page  48 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 88 Next Page
Page Background

48

Періштелерге иман

И

срафил періште

Сұрды (сырнай) үрлеуші періште. Исрафил – хади-

стерде айтылатын төрт үлкен періштенің біреуі.

109

Оның

негізгі міндеті қиямет қайым болатын кезде Аллаһтың

әмірімен «Сұр үрлеу». Әрине бұл Исрафил періште

бұдан басқа еш нәрсе істемейді деген сөз емес. Ибраһим

пайғамбарға Аллаһтың сәби бергенін сүйіншілеп адам

бейнесінде келген періштенің,

110

Аллаһ тағаланың ар-

шысын көтерген періштелердің бірі

111

және Бәдір

шайқасындамұсылмандарғажәрдеметкенперіштелердің

арасында осы Исрафил періштенің орын алғандығы

айтылады.

112

Сонымен қатар бәлкім біз біле бермейтін

өзге де әмірлерді орындауға үнемі дайын тұруы әбден

мүмкін.

Пайғамбарымыз бен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Исра-

фил періштенің арасында да достықтың лебі бар еді.

Оны мына оқиғадан анық байқауға болады. Бір күні

Жәбірейіл періштемен бірге Сафа төбешігінде отырған

сәтінде пайғамбарымыз қанша күннен бері үйінде тіске

басар бір уыс ұнның қалмағандығын тілге тиек етті. Осы

уақытта көк жүзі гүрілдеп қоя берді. Пайғамбарымыз:

«Қияметтің болуына әмір келді ме?», – деді. Жәбірейіл:

«Сенің әуелгі сөзің көкте естіле салысымен Исрафилдің

осы жерге келуі әмір етілді», – деді. Осы уақытта Ис-

рафил періш-те Аллаһтың сәлемімен келіп, Оған: «Уа,

Аллаһтың елшісі! Сенің айтқандарыңды Аллаһ тағала

естіді. Сенен: (Сүлеймен (ғ.с.) сияқты) патша пайғамбар

болуды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болуды

109

Қараңыз: Бухари, Риқақ, 43

110

Елмалылы Хамди Языр, ІV/554

111

Алуси, 29/46

112

Мүснәд, 1/147