51
Періштелерге иман
Исрафил періштенің алғаш рет сұр үрлегендегі
жағдайды Құран:
«Сұр үрілген күні Аллаһ қалаған
біреулерден басқа көктерде болғандар да, жер-
де болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ барлығы
Аллаһтың алдына сүмірейіп келеді»
120
; «Сонда бір рет
сұр үрілген сәтте жер мен таулар көтеріліп, соғылып
күйреген сәтте. Міне, сол күні қиямет уақиғасы бо-
лады. Сол күні көк жарылып, босайды»,
121
– деп
суреттейді.
Екінші үрлеу– қайта тірілудіңбелгісі. Құранда:
«Сұр
үрілгенде олар қабірлерінен тұрып, Раббыларының
құзырына жүгіреді»,
122
– дейді.
Исрафил періштенің сұрға екі рет үрлеуінің арасын-
да қанша уақыт бар екені белгісіз. Хадисте бұл жөнінде
былай делінеді:
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Сұрға екі рет үрлейді. Осы екі рет
үрлеудің арасында қырық уақыт бар»,
123
– деген. Ол
қырық уақыт дегені күн ба, ай ма не бізге беймәлім өзге
де өлшем бе, ол жағы бір Аллаһқа аян.
Ә
зірейіл періште
Әзірейіл періштенің міндеті – ажалы жеткен адамның
жанын алу. Адам баласы бір періштенің күзетуімен бұл
дүниеден келесі дүниеге аттанғандықтан, Құран мен ха-
120
Нәміл, 27/87
121
Хаққа, 69/13-16
122
Ясин, 36/51
123
Бухари, К.Тафсир, Нәбә, 78/18