55
Періштелерге иман
пен құдықтан су тартқандай қиналып әрі баяу жан тап-
сырады. Кәпірлердің бұл соңғы хәлі Құранда былай
суреттеледі:
«Періштелер, сондай қарсы болғандардың
беттеріне, арқаларына, ұрып: «Күйдіретін азапты
татыңдар!» – деп жандарын алғанын көрсең!»
131
;
«Сондай өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер
жандарын аларда: «Ешбір жамандық істемеп едік»
деп сылтау айта бастайды»,
132
– дейді. Яғни сол кездегі
қиындықты елестету мүмкін емес, өйткені ол сәт тым
ауыр.
Жоғарыда айтылғандай періштенің мүміндерге
жақсы жағынан көрінуі нығмет болса, кәпірлерге жаман
жағынан көрінуі олар үшін азаптың бір түрі болмақ.
Бірде Ибраһим пайғамбар Әзірейіл періштеге
кәпірлерге қандай бейнеде көрінетінін сұраған еді.
Әзірейіл: «Уа, Ибраһим! Сен бұған шыдай алмайсың»
деді.Ибраһимпайғамбаралғанбетіненқайтпады.Әзірейіл
періште: «жарайды, онда мұнда қара» дегенде Ибраһим
пайғамбар басы көкке тиіп, құлақтары мен ауызынан
от алаулап тұрған, бет-әлпеті қап-қара қорқынышты
бейнені көргенде шыдай алмай талып қалады. Ибраһим
пайғамбар есін жиғанда Әзірейіл әу бастағы өз бейнесіне
қайта оралды. Ибраһим пайғамбар: «Ей өлім періштесі!
Кәпір сенің бұл бейнеңді көрсе басқа азап тартпаса да
ол үшін бұл азап жеткілікті, енді мүміндерге көрінетін
бейнеде көрінші» деп өтінді. Әзірейіл періште: «Жүзіңді
ана жаққа бұр» деді. Ибраһим пайғамбар қарай салысы-
мен «Көркем жүзді, жұпар иісті, жас жігітті көріп, «Бұл
кім?» деді еріксіз таңырқап. Іле «Егер мүмін үшін өлім
алдында ешқандай да нығмет берілмесе де мына сенің
131
Әнфал, 8/50
132
Нахыл, 16/28