Previous Page  60 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 88 Next Page
Page Background

60

Періштелерге иман

ойларынан да хабардар. Имам Мәлік: «барлық сөз жа-

зылады, тіпті ауырған адамның ыңырсуы да»

147

– деп

барлық сөз атаулының міндетті түрде жазылатындығын

ұқтырған. Тәпсірші Алуси:

«Адамдардың жасаған әрбір

(жақсылы-жаманды, біліп-білмей жасаған) амалы мен

сөздерін періштелердің жазатындығына сену – уәжіп»

,

– дейді. Іштей айтылған сөздердің жазылмайтынын

айтқандар да бар. Бәйһаки, Шуаб Хузайфа ибн Ямам-

нан: «Сөздің жеті құлпы бар. Егер олардан сөз шықса

міндетті түрде жазылады. Шықпаса жазылмайды. Бұлар

жүрек, кішкентай тіл, тіл, екі жақ және екі ерін»,

148

– деп

риуаят етеді

Бірде хазірет Суфиян ибн Уйайнадан бір адам келіп:

«Егер адам жақсы амалға ниеттеніп, оны жасай алма-

са, Кирамун Катибун періштелері не жазбақ?», – деп

сұрағанда, Суфиян ибн Уйайна: «Адамның жақсылығы

мен жамандығын жазатын періштелер ғайыпты білмейді.

Бірақ адам ізгі амалға ниеттенсе ол адамнан жұпар иіс

шығатын көрінеді. Сол жұпар иісті сезетін періштелер ол

адамның ізгі амалға ниеттенгенін біледі. Ал теріс амалға

ниет етсе, жағымсыз иіс шығады екен. Ізгі ниетті іске

асырмаған күннің өзінде де періштелер сауап жазады.

Ал теріс, зиянкес іске ойы кетсе де оны жасамайынша

күнә жазбайды. Бұл Аллаһтың бізге деген мейірімділігі»,

– деп жауап берген екен.

Аллаһ тағала біздің қандай амал жасайтынымыз-

ды жақсы біле тұра, періштелерге осындай істерді

міндеттеген. Осылайша, ертеңгі күні адам баласының

жасаған әрбір әрекеті мен сөздерінің тіркелуі өзіне дәлел

болмақ.

147

әл-Алуси, Рухул Мәани, Бейрут, ХІІІ, 2/179

148

Бәйхаки, Шуабул-Иман, №5008