Previous Page  59 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 88 Next Page
Page Background

59

Періштелерге иман

«Оның оңына да солына да екі

(сөздері мен амал-

дарын)

байқаушы отырады».

143

Яғни оң жақтағы

періштеге ізгі қайырлы амалдарды сол жақтағы

періштеге дініміздің әмірлеріне сәйкес келмейтін түрлі

іс-әрекеттерді жазу міндеттелген. Сонымен қоса бұл

періштелер қиямет-қайымдағы есеп күні бүкіл жасалған

амалдарға да куәлік етеді.

Құранда:

«Сендерді

(жандарыңнан ажырамайтын)

бақылаушылар бар.

(Олар)

ардақты

(бейтарап)

жазу-

шылар. Сендердіңне істегендеріңді біледі»

144

; «Немесе

олар сырларын, сыбырларын Біз естімейді деп ойлай

ма? Әрине періштелеріміз алдарында жазуда»

145

– деп

Кирамун Катибун періштелері туралы баян етілуде.

Аллаһ тағала осы Кирамун Катибун періштелеріне:

«Егерде құлымжамандық істегісі келсе, оныжасағанша

күнә жазбаңдар. Ал жасаса, бір күнә жазыңдар. Ол істі

Мен үшін тәрк етсе, бір сауап жазыңдар. Ал жақсылық

істегісі келіп, істемесе де бір сауап. Жақсылық істесе,

он сауаптан жетпіс мыңға дейін сауап жазыңдар»,

146

деп бұйырған. Яғни жасамаса да адамның жақсылыққа

ниет етуі – сауап, ал жамандық жасалғанда ғана күнә бо-

лып жазылуын Аллаһтың құлдарына деген мәрһабаты,

рақымы деп түсінуге болады.

Танымал түрік ғалымы Елмалылы Хамди Языр өз

тәпсірінде бұл жайында былай дейді: «Аузынан шыққан

әрбір сөзін қағазға түсіретін періштелердің бар екенін

және Аллаһтың өзіне күре тамырынан да жақын екенін

адам баласы ұмытпауы тиіс. Аллаһ тағала адамның ішкі

143

Қаф, 50/17

144

Инфитар, 82/10-12

145

Зұхрұф, 43/80

146

Бухари, Риқақ, 31; Таухид, 35; Муслим, Иман, 203-204