Previous Page  64 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 88 Next Page
Page Background

64

Періштелерге иман

Расында оны

(Аллаһтың кітабының орнына сиқырды)

айырбастап алған кім болса да ақыретте ешқандай

несібесі болмайтынын біледі. Олар, өздеріне нен-

дей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген бол-

са еді»

,

155

– дейді. Сүлеймен пайғамбарға шайтан мен

жындарды басқару билігі берілгендігі баян етіледі.

Бірде олар Сүлеймен пайғамбарға қарсы шықты. Бірақ

діттегендерінежете алмады. Сүлеймен пайғамбар қайтыс

болғаннанкейіншайтанкейадамдарғажамандықатаулы-

ны үйрете бастады.

156

Сүлеймен пайғамбар қайтыс бола

салысымен іштей азғындай бастаған Исрайлұлдарының

халқы ендігі кезекте сиқыр мен шайтан жолына түсе

бастады. Күн өткен сайын сиқыр халық арасында кең

тарай бастады. Кеңінен тараған сиқырдың алдын алу

үшін Аллаһ тағала Исрайлұлдарына Һарут пен Марут

атты екі періште жіберді. Лұт пайғамбарға жіберілген

періштелердің жас жігіт бейнесінде келгені іспетті

157

бұл

періштелер де сірә адам бейнесінде келген болуы керек.

Бұлар адамдарға жасырын ілімді сиқырдың алдын алу

үшін үйретті. Әрі үйрету барысында үйреткендерін жа-

манжолға қолданып бүлікке жол ашуға болмайтындарын

ескерткен еді. Соған қарамастан әрбір ілімнің нәтижесін

жақсылыққа да, жамандыққа да қолдануға болатыны

секілді яһудилер де осы екі періштенің үйреткендерін

қоғамда жамандық атаулыға яғни бүлік шығару үшін

қолданды. Бұлар әсіресе ерлі-зайыптылардың татулығын

бұзуда алдарына жан салмады. Жамандық жасалу үшін

жер бетінің түкпір-түкпіріне тараған шайтан әскерлері

жиналғанда, іштеріндегі ерекше мақтауға ие болғаны

155

Бақара, 2/102

156

Қараңыз: Әнғам, 6/121

157

Қараңыз: Һұд, 11/77