63
Періштелерге иман
«Аллаһтың кітабын оқып иман еттім және
мойынсұндым» – деп жауап беруі тиіс.
154
Һ
арут және Марут періштелері
Құранда аттары аталатын осы Һарут пен Марут
періштелері тұрғысында адамдар арасында жаңсақ пікір
орын алған. Бұл жаңсақ пікірдің мәні Һарут пен Марут
періштелері сиқырды үйретуші әрі ерлі-зайыптыларды
ажыратушы дегенге саяды. Асылында, көк жүзінен жер
бетіне түскен пәк екі періште адам баласына мұғжиза
мен сиқырдың ара жігін ажырата білсін деп сиқыр тура-
лы мағлұмат берген.
Құран кәрімде бұл періштелер жайлы:
«
(Олар Тауратты қойып)
Сүлейменнің (ғ.с.)
патшалығы заманындағы шайтандар оқығанға
(сиқырға)
ілесті. Сүлеймен (ғ.с.) әсте күпірлік жаса-
мады
(сиқыр жасамады).
Бірақ шайтандар, адамдарға
сиқыр үйретіп, күпірлікжасады. Адамдарға сиқырды
және Вавилонда «Һарут, Марут» атты екі періштеге
түсірілген ілімді (
бұрыс жолмен
) үйретті. (
Адамдарға
сиқырдан сақтану сияқты кейбір жасырын ілімді
үйреткен Һарут пен Марут
): «Біз сынақ үшін келдік,
бізге түсірілген ілімде сынақ әрі бүлік бар.» Осы
үшін
(бұны дұрыс жолда қолданыңыз; жаман жолда
қолданып)
күпірлікке түспеңдер! деп ескертпейінше
ешкімге ешнәрсе үйретпеген. Бірақ шайтанның
алдау-арбауына түскендер сиқырдан да, Һарут пен
Марутқа түсірілген ілімнен де ер мен әйелдің арасын
айыратын жолдарды үйренуде еді.
Олар, Аллаһтан
бұйрықсыз ешкімге зиянбере алмайды.Оларөздеріне
зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренген еді.
154
Бухари, Жәнаиз, 66, 85; Муслим, Жаннат, 109