52
Періштелерге иман
дистерде Әзірейіл періштеге «Мәләк-ул Мәут» (өлім
періштесі) делінген. Құранда:
«
(Мұхаммед)
Сендерге уәкіл етілген өлім
періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа
қайтасыңдар де»,
124
– дейді.
Ардақты төрт періштенің бірі Әзірейіл өзге періш-
телер сияқты Аллаһ тағаланың әмірлерін орындайды.
Аллаһ тағала оған ажалы жеткен адамдардың жанын
алу ісін жүктеген. Әзірейіл періштенің де көмекшілері
бар. Олар да Аллаһтың әмірлеріне бас иеді. Құранда
бұған ишарат ретінде:
«...Біреулеріңе өлім келген
сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік
етпейді»,
125
– дейді.
Өлім мен өмірді берген – Аллаһ тағала. Олай болса
Әзірейіл мен өзге періштелер тек дәнекер ғана. Бір күні
Әзірейіл періште Ұлы Жаратушыға: «Мен өз міндетімді
орындап пенделердің жанын алам, ал адамдар мені
осыған бола жек көруде» деп мұңын төгіпті. Сонда Аллаһ
тағала: «Өз міндетіңді орындау үшін мен олардың ажал
құшуына түрлі себеп жаратамын. Осылайша адамдар
ажалды сенен емес, сол себептерден көретін болады»
деп мәселенің мәнін ашып, айқындап береді.
126
Расында
да, адам біреудің қайтыс болғанын естісе дереу «неден
қайтыс болыпты?» деп бірден себебін сұрап жатады.
Кейде адам баласы өзінің шектеулі ақылымен
«Әлемнің түкпір-түкпірінде бір уақытта қайтыс болған
мыңдаған адамның жанын алуға Әзірейіл періште бір
124
Сәжде, 32/11
125
Әнғам, 6/61
126
Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиәтул Әулия, 5/51; Суюти, әд-Дуррул-
Мансур, 6/543