Previous Page  75 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 88 Next Page
Page Background

75

Періштелерге иман

Имам хұтпа оқу үшін мінберге шыққанда сапқа тұрып

хұтпаны тыңдайды»

186

;

«Жер бетін аралайтын Аллаһтың періштелері

үмбетімнің салауаты мен сәлемін маған сол сәтте

жеткізеді»,

187

– деп, мешітке барған адамның сауапқа

кенелетінін және біздің айтқан салауаттарымызды

пайғамбарымыздың қасиетті рухына жеткізіп, Оның

қабыл алған сәлемін біздің жүрегімізге жеткізу борышын

өтеуге міндеттелген періштелердің бар екендігін айтады.

Т

ау, бұлт және желге жауапты періштелер

Бізге жеткен сахих хадистердегі мәліметтерден

тауларға да жауапты періштелердің бар екендігін

білеміз.

Бірде Айша (р.анһа) анамыз пайғамбарымыздан:

«Сіз үшін Ұхұд шайқасынан да ауыр күн болды ма?»

деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Қауымымның

тартқызғаны маған Ұхұд соғысынан да ауыр тиді» деп

сөзін одан әрі жалғастырды: «Ақабә күні де ең ауыр

күндердің бірі болатын. Ибн Абди Лалейлге ақиқатты

түсіндірдім. Алайда, ол қиқарлық танытты. Қамығып

қайттым. «Қарн-ы Саалиб» деген жерге келгенімде

басымды көтеріп аспанға қарасам, бір топ бұлт ілесіп

келе жатыр екен. Бұлттың ішінде Жәбірейіл періште:

«Аллаһ, қауымыңның саған айтқандарын және

мойындамағандарын естіді. Саған тауларға жауап-

ты періштені жіберуде. Қалағаныңды әмір ет» – деді.

Осы арада жауапты періште: «Уа, Мұхаммед! Мен

тауларға жауапты періштемін. Раббым мені саған

жіберді». Ибраһим (ғ.с.) отқа тасталарда Жәбірейіл

186

Бухари, Жұма, 31, Бәдул-халқ, 6; Муслим, Жұма, 24-25

187

Нәсаи, Сәһу, 55