81
Періштелерге иман
П
еріштеге сенімнің пайдалары
Аллаһ тағалаға, ақырет күніне иман ету мәселесі
секілді періштелерге иман келтіру де адам баласы үшін
өте маңызды.
Періштелердің бар екеніне иланған адам ешқашан
өзінің жалғыз емес екендігін сезінеді. Өзін үнемі
пер-іштелер қадағалап тұрғандығын түсінген жан
әрбір ісін Аллаһқа деген үлкен жауапкершілікпен,
сүйіспеншілікпен атқарып қателікке жол бермеуге ты-
рысады. Бұл жөнінде Құранда:
«Әлбетте, сендерді
(жандарыңнан ажырамайтын)
бақылаушылар бар.
(Олар)
ардақты
(бейтарап)
жазушылар»,
203
– деп, адам
баласының қасынан бір елі ажырамайтын періштелердің
барекендігі ескертілген.Маңайындаүнемі періштелердің
бар екенін сезіп, олардың өзін қадағалап тұратынын
білген жан қай кезде де әрбір ісі мен құлшылықтарына
үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Дініміздің мұндай маңызды сенім негіздеріне иман
ету адамның ішкі жан дүниесін нұрға бөлеп, көңілін жәй
таптырады. Ғұмырында жамандықтардан алыс болып,
нәпсісін тежей білуді үйренеді.
Періштелерге жүктелген міндеттердің бірі адамдар-
ды түрлі жамандықтардан қорғау. Құранда:
«Әркімнің бір бақылаушысы бар»,
204
– делінген.
Алайда, бұл тұста періштелердің негізінен Аллаһты
танып, намаз оқып тура жолдан таймайжүрген адамдарға
көбірек үйірсек болатындығын ескергеніміз жөн.
203
Инфитар, 82/10-11
204
Тарық, 86/4