79
Періштелерге иман
алып үлгірместен шайқасқа аттанып кете барды.
Шайқаста шейіт болғаны да мәлім болды. Енді рұқсат
етсеңіз, сол жуынуға мүмкіншілігі болмаған күйеуімді
жуғызып арулап көмсек деген тілек айтпақпын, – деген-
де, пайғамбарымыз оған:
– Сен Ханзаланы уайымдама!
«Көктің бірінші
қабатында періштелер оны рақым суымен жуып
шайғанын көрдім»
,
197
– деп үлкен сүйінші хабар айтты.
Бұны естіген сахабалардың бәрі Ұхұдқа бет түзеп,
Ханзаланы іздестірген-ді. Бір таңғаларлығы, сахабалар
Ханзаланы денесі әлі кеппеген су қалпында тауып алды.
Сүйікті пайғамбарымыздың бұл жолғы айтқанының да
рас шыққанына елдің тағы бір рет көзі жетті. Сондықтан
Ханзаланы ел «Ғасиилул-мәлаика» («Періштелер жуған
Ханзала») деп еске алатын болды.
Сағд ибн Муаз Мәдиналық сахабалардан еді.
Ол Мусғаб ибн Ұмәйрдің алдында тізерлеп отырып,
мұсылман болған еді.
198
Хәндәқ шайқасында 37 жастағы
Сағд ибн Муаз қатты жарақаттанып өлім аузында жатты.
Көп қан жоғалтқан Сағдты дереу пайғамбарымыздың
мешітінің қасындағы шатырға алып келді. Әбу Бәкір мен
пайғамбарымыз оның жанында болды. Пайғамбарымыз
қатты қиналған Сағдты құшағына басып «Уа, Раббым!
Расында Сағд Сенің жолыңда шайқасты. Сенің елшіңді
растады. Оның жанын жеңіл ал» деп дұға жасады.
Пайғамбарымыздың дауысын естіген Сағд «ас-Сәламу
әлейкум уа, Расулуаллаһ! Мен сенің Аллаһтың елшісі
екеніңе куәлік етемін» деді. Осы кезде пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сол жердегі адамдарға қарап:
«Сіздердің сандарыңызға тең періштелер Сағдтың
жаназасында болу үшін Ұлы Аллаһтан рұқсат сұрауда»
197
әл-Хаким, әл-Мустәдрак әлас-Сахихайн, Бейрут, 1990, ІІІ/225
198
Ибн Һишам, әс-Сирәтун-Нәбауиие, Бейрут, 1936, ІІ/78-79