82
Періштелерге иман
Белгілі тәпсірші Алуси өзінің «Рухул Мәани» атты
еңбегінде: «Егер сіздерді періштелер қорғамағанда,
шайтан балға үймелеген арадай тарпа бас салар еді»,
205
– дейді. Демек, адам баласын түрлі қайғы-қасірет, бәле-
жаладан қорғауда періштелердің алар орны зор екендігін
аңғарғандаймыз.
Бұдан бөлек адамды жамандықтан сақтап қана
қоймай, жақсылыққа бағыттайтын періштелер де
бар. Дүниеде жақсылықтың үлгісі періште бол-
са, жамандықтың үлгісі шайтан. Періште адамды
жақсылыққа ал шайтан жамандыққа шақырады.
Ибн Мәсудтың риуаяты бойынша пайғамбарымыз
бір хадисінде:
«Шайтан да, періште де адамның
жүрегіне сыбырлап тұрады. Шайтан жамандыққа
итермелеп, ақиқаттан алыстатуды көздесе, періште
жақсылыққа шақырып жамандықтан алыстатуға
тырысады. Егер кісінің жан дүниесінен жақсылыққа
шақырған дауыс естілсе ол періштенің дауысы. Оған
мойынсұнып Аллаһқа шүкір етсін. Ал жамандыққа
шақырған дауыс естілсе, ол шайтанның дауысы. Одан
бойын аулақ салып жамандығынан сақтанып Аллаһқа
сыйынсын»,
206
– деген.
Асылында, адам баласы үшін ең қымбат нәрсе –
рух. Рух ең берік әрі ең сенімді қолда сақталуға лайық.
Сонда ғана пенденің жаны жай табады. Адам өзінің
жасаған жақсылықтарымен қоса өзіне жасалған әділетсіз
істердің де бір жерде жазылып сақталғанын қалайды.
Міне осы жазу мен сақтау істері Аллаһ тағала тарапынан
періштелер (жазушы періштелер) арқылы жүзеге асыры-
лады.
Адам өзінің
асыл сөзі
мен
әсем өнерінің
мәңгілікке
сақталғанын қалайды. Өзгелердің оқуы немесе көруі
205
әл-Алуси, Рухул Мәани, ІІІ/137
206
Тирмизи, Тафсир, 2991; Ибраһим Жанан, Кутуб-и Ситтә, ІІ/239