Previous Page  80 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 88 Next Page
Page Background

80

Періштелерге иман

деді.

199

Бұл пайғамбарымызбен сахабасының соңғы

кездесуі еді. Сол түні пайғамбарымызға бір періште

(Жәбірейіл) келіпСағд ибнМуаздың көз жұмғандығынан

хабар берді. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Сағд

ибн Муазға ерекше мән беретін. Пайғамбарымыз ор-

нынан атып тұрып жүгіріп кетті. Артынан ілескен са-

хабалар пайғамбарымызға жете алмай жүгіріп келе

жатты. Сахабалар таңырқанып: «Уа, Расулаллаһ не

үшін асығып жүгіріп бара жатырсыз?» деп сұрады.

Сонда пайғамбарымыз:

«Періштелердің Ханзаланы

жуғанындай Сағд ибн Муаздың да жаназасын жуып

қоя ма, біз де сондай ырыстан айрылып қаламыз ба, –

деп жүгірдім»

– деді.

200

Ибн Омардың (р.а.) риуаяты бойынша пайғам-

барымыз:

«Сағд ибн Муаздың жаназасына әлі осы

күнге дейін жер бетіне еш түспеген жетпіс мың

періште қатысты»

. Сағд жерленгенде пайғамбарымыз:

«Субһаналлаһ! Егер де қабір азабынан құтылатын бір

адам болса ол Сағд болар еді»,

201

– деген болатын.

Сәләма ибн Мәсламаның (р.а.) риуаяты бойын-

ша пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

кілемге ора-

лып жатқан Сағдтың басына қарай асықпай аяғының

ұшымен жүре бастады. Артынан ілесіп келе жатқан

сахабаларға орындарында қалуын сұрады. Ол жер-

де олардан басқа ешкім де жоқ еді. Мұның себебін

сұрағандарға пайғамбарымыз: «жаназаға қатысқан

періштелердің санының көптігі, соншалық тіпті аяқ

алып жүретін бос жер жоқ» – деп жауап берген еді.

202

199

Ибнул Әсир, Усдүл ғаба, Дарул Фикр, 2/373

200

Ибн Сағд, Табақат, 3/427

201

әл-Хайсәми, Мәжмауз-Зәуаид, 9/308; Ибн Сағд, Табақат, 3/430

202

Қараңыз: Бухари, Мәнақиб, 12; Муслим, Фәдаилус-Сахаба, 123-125;

Тирмизи, Мәнақиб, 50