83
Періштелерге иман
үшін қолына қалам алып жазуға және суретке түсіріп
алуға тырысады. Әсіресе жасаған амалдарының жұмақта
үнемі жеміс бергенін қалайды. Міне осы амалдарды
тіркеу де періштелердің міндеті болып табылады.
Қараңғы қабірде жалғыз қалам-ау деген үрейден
арылу үшін өзімен бірге періште болмысының да бар
екенін ойлау адамның орынсыз қорқынышын басып
жанын жай таптырады. Мүнкәр мен Нәкир періштелері
Аллаһтың сүйікті құлдарымен қабірде ізгі қарым-
қатынас құруы да көңілді жай таптырады.
Құран кәрімнің «Ниса» сүресінде Аллаһқа және
Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына
және ақырет күніне сенбеген жандардың қатты
адасушылықта екендігі айтылады.
Бұған қоса біз көрмегенді көріп, біз естімегенді
еститін пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көк
жүзінде төрт саусақ сиятындай бос жер жоқ екендігін,
барлық жер Аллаһқа сәжде еткен періштелерге толы
екендігін айтқанын есімізге түсірсек, періштелердің бар
екендігіне ешбір күмәніміз қалмайды.
Нұрдан жаратылған, тіптен көзге көрінбейтін
періштелер бұ дүниеде де, о дүниеде де әркез иман-
ды жандардың жанынан табылып, сүйінші хабар
мүміндердің көңіліне қуаныш ұялатады. Олар Құранның
әуезін жаны сүйетін, ілім ізденіп шыққандардың жо-
лына қанаттарын жаятын, ізгі амалдарға жас балаша
қуанып, пенделік қылықтарды көргенде мұңға бөленетін
таңғажайып болмыстар.
207
Сондықтан әрбір мұсылман үшін Аллаһқа, Оның
қасиетті кітаптары мен пайғамбарларына, ақырет күні
мен тағдырдың жақсысы мен жаманына иман келтірумен
қатар
періштелердің де бар екеніне сену
парыз болмақ.
207
Тирмизи, Ілім, 19; Әбу Дәуд, Ілім, 1