Previous Page  78 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 88 Next Page
Page Background

78

Періштелерге иман

қарап едім бұлыңғыр нұр жоғары қарай көтеріліп барып

жоқ болып кетті. Ертесіне пайғамбарымызға болған жай-

ды айттым.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Егер

Құран оқуды ары қарай жалғастырғаныңда олар сені

тыңдар еді»,

196

– деп Құран оқыған жерге періштелердің

келетінін айтты.

...Ханзаланың жаңа үйленген ең алғашқы түні еді.

Дәл сол түні таңға жуық пайғамбарымыз сахабаларын

жинап, оларға Ұхұд шайқасына жиналуын шұғыл түрде

бұйырған болатын. Шайқас хабарын естіген Ханзала де-

реу киіне сала ғұсыл дәретін алуға да мұршасы келмей,

шайқас майданына құстай ұшты.

Шайқас аяқталды. Мұсылмандар Мәдинаға орала

бастады. Әркім-ақ аман қайтқан жақындарын іздеп жол

бойына тізілді. Бұлардың арасында үйленгеніне бір-ақ

күн болған, пайғамбарымыздың бұйрығына мойынсұнып

ертемен шайқасқа аттанып дұшпан қолынан шейіттік

шәрбатын ішкен Ханзаланың жесірі де бар болатын.

Елдің бәрі жапатармағай аман қайтқан өз жақындарын

сұрастырғанымен, ешкім де ешкімге тіл қатпастан жай

ғана пайғамбарымызды меңзеді. Сұралған сұрақтардың

бәріне де пайғамбарымыз өзі жауап беріп келе жатты.

Ең соңынан Ханзаланың әйеліне кезек келгенде, ол да

пайғамбарымызға жақындаған күйі:

– Уа, Аллаһтың елшісі! Ханзала қайда? – деп

сұрады.

– «Ханзала шейіт болды», – деп жауап берді ол.

Сол кезде Ханзаланың әйелі:

– Уа, Расулаллаһ! Менің сізге айтпағым, бәлкім,

отбасылық сыр болар. Кеше ғана үйленгенімізді

өздеріңіз де білесіздер. Күйеуім таң ата ғұсыл дәретін

196

Бухари, Фәзаилул-Қуран, 15; Муслим, Мусафирин, 242; Ахмад ибн

Ханбал, Мүснәд, 3/81