Previous Page  192 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 192 / 200 Next Page
Page Background

192

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Осы мүмкіндікті қалт жібермеу үшін салауатқа үлкен

мән берген ақындарымыз оны:

Құдайым досым деген хақ Мұхаммед,

Жолыңа, аруағыңа мың салауат.

Шапағат қыл, күнәһар шермендемін,

Салауат қайта-қайта бес жүз қабат,

деп жырға

қосады.

Міне, осылайша қазақ халқы да Пайғамбарымыздың

ақиретте шапағат етуінің хақ екеніне сеніп, үміт еткен.

Жыр жолдарына осы үміттерін арқау еткен. Ғасырлар

бойы әлгі тілектің арасы үзілмей, бір буыннан екінші

буынға аманат етіп қалдырылған.