187
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
«Хақ расул екі жаһан кемеңгері»
264
– деп халқымыздың
жырға қосқанындай, Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.)
осылайша ақиретте де адамзатқа қол ұшын беріп,
шапағатын тигізіп панасы болады.
Халқымыз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тек бұл
дүниеде ғана жанашыры емес, ақиретте де «үмбетім»
деп қолқанат болатынына, Аллаһтан олар үшін бас
сауға сұрайтынына сеніп, шапағатынан үміт еткен,
сондықтан дұғаларының да соңын үнемі «Аллаһтан
рақмет, Пайғамбардан шапағат болсын» – деп аяқтаған.
Шапағаттан үміткер болған халқымыз осы ойын жыр-
ларында:
Расулалла – ғаламның паналары,
Жапырағы сая-дүр, бал татыр миуалары.
Калима шаһадатты жары қылған,
Шапағат үміт қылар жанның бәрі
265
,
−
деп төгеді.
Осы жырда айтылған шаһадат сөзін, яғни «әшһәду
ән лә иләһә иллаллаһ уа әшһәду әннә Мухаммадан
абдуһу уа расулуһу» деп айтқан адамдардың бәрі
шапағатты үміт етуіне:
«Әрбір пайғамбардың Аллаһ
қабыл ететін бір дұғасы бар. Барлық пайғамбар сол
дұғасын жасауға (іске асыруға) асықты. Мен болсам
бұл дұғамды қиямет күні үмбетіме шапағатта
қолдану үшін ақиретке сақтадым. Иншааллаһ,
үмбетімнен Аллаһқа ширк (серік) қоспай өлгендер
(қайтыс болғандар) одан нәсіпкер болады»,
266
−
деген
хадис дәлел болады.
264
Бабалар сөзі, I, 79-б.
265
Бабалар сөзі, I, 99-б.
266
Бухари
, Тәухид, 31;
Муслим,
Иман, 334