Previous Page  185 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 185 / 200 Next Page
Page Background

185

Пайғамбардан шапағат!

Шапағат (арабша – шафа‘ат) сөздікте адамдардың

арасында туындаған келеңсіз оқиғалар мен ренішті

жағдайларда кешірім сұрау мағынасына келеді. Діни

терминологияда бұл дүние мен ақиретте қолданылу

жағынан екі түрлі мағынаға саяды. Бұл дүниеде

шапағат ету – адамдардың бір-біріне жәрдемдесуі,

көмектесуі, жақсылық жасауы. Ақиық елшінің (с.а.с.)

бір хадисінде осы шапағат туралы:

«Шапағат етіп, сауап жинаңдар»,

259

делінген.

Бұл шапағат туралы ғалымдар Құран кәрімде

айтылған күнәлардың тысында барлық мәселеде

адамдардың бір-біріне шапағат етіп, жәрдемдесуі

мұстахаб, яғни жақсы деген.

260

Сондай-ақ, ардақты

Елші (с.а.с.) де шапағат етудің адамдарды сауапқа

кенелтетінін айтып, оны адамзат баласына өсиет еткен.

Ал ақиретте шапағат ету Рақым пайғамбардың

(с.а.с.) Аллаһ тағаланың рұқсатымен пенделер-

ге жаннатқа кіруіне жәрдем етуін білдіреді. Діни

ұғымда «шапағат» сөзінің осы екінші мағынасы көп

қолданылады. Әһл-сүннет ғалымдарының бәрі бір ау-

ыздан ақиретте шапағат етудің хақ екенін мойындаған.

259

Бухари,

Әдеп, 37, Салат, 88;

Муслим,

Бирр, 145;

Әбу Дәуіт

,

Әдеп, 126;

Тирмизи,

Илм, 14;

Нәсаи,

Зекет, 65.

260

Хадис ансиклопедиси, IX т, 382-б.