182
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
«Кім маған бір салауат оқыса, Аллаһ оған он рақым
және сый береді» (Нәсәи, сәһу 55).
«إِنّ مِنْ أَفْضَلِ أَيّامِكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فَأَكْثِرُوا عَلَيّ مِنَ الصّالَةِ
فِيهِ فَإِنّ صَالَتَكُمْ مَعْرُوضَةٌ عَلَيّ» فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللِّ وَكَيْفَ
تُعْرَضُ صَالَتُنَا عَليْكَ وَقَدْ أَرَمْتَ؟ يَقُولُ :بَل۪يتَ قَالَ:«إِنّ اللَّ
حَرّمَ عَلَى األَْرْضِ أَجْسَادَ األَْنْبِيَاءِ»
«Шынында, апта ішіндегі ең қайырлы (сауапты)
күндерің –
жұма күні. Сол күні маған көптеп салау-
ат айтыңдар*. Өйткені айтқан салауаттарың маған
арнайы (періштелер тарапынан) жеткізіледі», – де-
генде, сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сіздің денеңіз
бұзылып, топыраққа сіңгеннен кейін айтқан салауат-
тарымыз сізге қалай жетпек?» – деп сұрады. Сонда
ол: «Расында, Аллаһ тағала пайғамбарлардың денесін
жерге харам қылды (Яғни, қабірде олардың денесі
шірімейді)»,
– деген. (Әбу Дәуіт, саләт 201)
«Жер бетін аралайтын Аллаһтың періштелері
үмбетімнің салауаты мен сәлемін маған сол сәтте
жеткізеді»
(Нәсәи, сәһу 46).
Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айту әрі өте оңай,
әрі кез келген уақытта және жер талғамай-ақ орындауға
болатын міндет. Бұл міндетті бізге жүктеген – Аллаһ
тағаланың өзі, себебі жоғарыда айтылғандай, «Ахзаб»
сүресінің 36-аятында мұсылмандар үшін Пайғамбарға
салауат айту бұйырылған, сондықтан адамға өмірінде
бір мәрте салауат айтуы – парыз, ал бір жерде отырғанда
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімін бірнеше мәрте
еститін болса, онда ең аз бір мәрте салауат айтуы –
уәжіп, есімі қайталанған сайын салауат айту – мұстахап