178
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ғасырдың соңында хадистердің жазылуына қарсы
болған ешкім қалмады.
Хадистерді жинастыру (тәдуин) ресми түрде
мемлекеттің шешімі арқылы тақуалығы әрі әділдігімен
тарихта аты қалған Омар ибн Абдулазиз (қ. 99 немесе
101 һ.)
253
кезінде басталды. Ол ғұламалардың ор-
тасында өсіп-жетілген және олардың ілім аясынан
ешқашан жырақ қалмаған. Ол өзі хадистерді жазумен
қатар ғалымдарды да осы іске жігерлендірген. Ақыр
соңында, хадистердің ұмытылып, жоғалып кетуінен
қорыққан Омар ибн Абдулазиз хадистердің жинасты-
рылуына қатысты шешім қабылдады.
Сонымен қатар, сол кезеңдегі саяси әрі діни
дүрдараздықтың күшеюі арқылы ойдан хадис
шығарушылардың көбеюі де ғалымдардың осы істі
қолға алуына түрткі болған себептердің бірі.
Бесінші халифа Омар ибн Абдулазиз жан-жаққа
хаттар жолдап, хадистерді жинастыруға бұйрық
берді. Бұйрық беріп қана қоймай сол жердегі жауап-
ты кісілерге сүннеттің үйретілуі мен қайта жандануы
үшін ғалым-білгір кісілерге қолдан келген көмектің
көрсетілуін де шегелеп табыстап отырған
254
. Оның
халифалық кезеңі қысқа болғанына қарамастан ол бүкіл
күш-жігерін хадистердің жинастырылуына жұмсады.
Хадистерді жинау ісі табысталған кісілердің бірі
өз ғасырының танымал ғұламасы және ғылыми ортада
үлкен беделге ие Ибн Шихаб әз-Зухри (қ. 124 һ.) еді. Ол
ғылымға ерекше берілген жас кезінен-ақ хадистер мен
253
Омар ибн Әбдүлазиз өнегелі өмірі және жасаған қызметтері
арқылы Ислам тарихында аты алтын әріптермен жазылып,
бесінші халифа деген атқа ие болған.
254
әл-Мухаддисул-фасыл,
153-б.