173
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбарымыздың кезеңінде жалпы жұртқа аян
болған бір жазбаша нұсқа бар. Ол –Аллаһ елшісінің
Мәдинаға қоныс аударуының алғашқы жылдарында
арнайы тағайындалған хатшыларына жаздырған бір
мәтін. Онда мұһажир, ансар, мәдиналық арабтардың
құқықтары мен яһудилермен жасалған келіссөздер
қамтылған
244
. Бұл – өз кезегінде енді ғана тәй-тәй басып
келе жатқан Ислам мемлекетінің Ата заңы немесе
келісімшартының тәуәтур (жалған айтуы мүмкін емес
көпшілік қауымның жеткізген хабары) жолы арқылы
жеткен бір нұсқа екендігінің айқын дәлелі.
Пайғамбарымыз басқа да көптеген делегациялар
үшін (Уәйл ибн Хужр (қ. 44/664 ж.), Ғамид Хасам,
Сумәлә және Хұддан руларының және т.б. делегациясы)
жазбаша нұсқаулар беріп отырған
245
. Сонымен қатар,
Пайғамбарымыздың Византия императоры, мысырлық
Муқауқысқа, Хабашстан патшасы Нәжәшиге, Иран
патшасына жолдаған хаттары да Ислам тарихында
көпшілікке аян. Жалпы алғанда, Пайғамбарымыздың
кез келген мақсатта жаздырған қандай да бір құжатын
хадис пен сүннеттің шеңберінде қарастыру керек.
Ибн Сағдтың «Табақат» атты кітабында және М.
Хамидуллаһтың жоғарыда аты аталған «
Мәжмуатул-
уәсәиқис-сиясииә»
атты кітабында осы тақырыпқа
қатысты көптеген мәліметтер табуға болады. Бір
мақаланың көлемінде бұлардың бәрін қамтып жату
мүмкін болмағандықтан, осы мәселенің анық-қанығын
сол кітаптарға табыстаймыз, өйткені оның арнайы
зерттеуді талап ететіні сөзсіз.
244
Сирәту ибниХишәм, 2-т., 119-б.; әл-Әмуәл, 202;
Мәжмуатул-
уәсәиқис-сиясииә
, 15-б.
245
Осман ат-Таки, 106-109-б.