Previous Page  171 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 200 Next Page
Page Background

171

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

– Ибн Аббас Пайғамбарымыздың (қайтыс

болар алдында) сырқаты күшейген кезде

«Бір парақ

әкеліңдер, ұстансаңдар адаспайтын өсиет жазды-

райын

» дегенін жеткізеді

241

. Бұл – Пайғамбарымыздың

өзі көзі тірісінде хадистердің жазылғанын қалағанын

көрсетеді.

Аталмыш мәліметтер алғашқы кезеңде хадистердің

жазылуына тыйым салынғанмен, кейінгі кезеңдерде

рұқсат берілгендігін, тіпті Пайғамбарымыздың өзі

хадистерді жазғызғандығына нақты дәлел саналады.

Әзірет Омар, Али (р.а.), Абдуллаһ ибн Мәсғуд т.б.

сияқты белгілі сахабалардың да әуел баста хадистерді

жазуға қарсылық танытқаны белгілі. Алайда Құран

кәрім кітап ретінде жинастырылып, сақталғаннан

кейін олар да хадистің жазылуына рұқсат берді

242

.

Тіпті Әбу Бәкір (р.а.) мен Омардың (р.а.) өзі хадистерді

жазғызуға ниеттенген. Алайда адамдардың көбі

Құраннан гөрі хадиспен шұғылданып кетер деп, бұл

ойларын іске асырмаған. Бұл да Пайғамбарымыздың

хадистерді жазуға рұқсат бергенін көрсетеді. Негізінен,

бастапқыда хадистердің жазылуына тыйым салған

хадистер мен кейін рұқсат берілген хадистерді топ-

тастырып, талдап саралаған кезде, ғалымдар мына

пікірге келген: тыйым салған хадистер мен рұқсат

берген хадистер жалпы үкім емес еді, өйткені тыйым

салатын себеп пен жағдай туған кезде жазуға тыйым

салынған, ал олар шешілген кезде рұқсат берілген. Енді

241

Фәтхул-бәри

, 1-т., 218-б.;

Сахиху Имам Муслим,

3-т., 1257,

1259 (Хатиб)

242

А. әл-Хатиб,

әс-Сунна қабләт-тәдуин

, (ауд. М. Айдемир),

Стамбул, 2005, 302-б.