Previous Page  177 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 200 Next Page
Page Background

177

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

бірдей болуы хадис жинақтарының сенімді түрде

жеткендігін дәлелдей түседі.

Хәммәм ибн Мүнәббихтің жинағы хадис тарихын-

да үлкен жаңалық болды, өйткені бұл – хадистердің

ерте кезден бастап-ақ жазыла бастағандығының айқын

дәлелі.

Хадистерді жинастыру хижри екінші ғасырдың ба-

сында ғалымдар арасында кең тарағаны соншалықты

– хадиске байланысты тасниф немесе жамиғ кітабы

болмаған ғалымды көрсету мүмкін емес

252

.

Хадистердің ресми түрде жинастырылуы

Табиғиндер Құран мен хадистерді таза күйінде

сақтап, өмірлеріне өрнектей білген сахабалардың көзін

көріп, тікелей солардың ілім бұлақтарынан сусындаған.

Пайғамбарымыздың інжу-маржан хадистерін со-

лардан үйренген. Табиғиндер кезеңінде де хадистер

ауызша таралып, алдыңғы қатарлы ғалымдардың көбі

хадистің жазбаша жинастырылуын құптамады. Ол

кезде ғалымдар жазудан көрі ұстаздан ауызша үйрену

жолы арқылы хадисті сақтау керек деген түсінікте еді,

өйткені ауызша өзара талқылау барысында бір-бірінің

қателерін түзетіп алу мүмкіндігі бар еді. Ғалымдар

жазылған парақтарға ғана сүйену адамның есте сақтау

қабілетін азайтып, амал етуден де алшақтатады дейтін,

дегенмен заман талабына орай хадистерді жазу арқылы

сақтағандардың да қатары көбейе түсті. Уақыт өткен

сайын хадистер мен өзге де тарихи жайттарды жазуға

деген қажеттілік күшейді. Нәтижеде, хижри бірінші

252

Ғалымдардың аттары мен еңбектері жайлы кең мәлімет үшін

қараңыз: А. Хатиб, 333-336-б., Т. Кочигит, хадис тарихы,

199-214-б.