Previous Page  176 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 176 / 200 Next Page
Page Background

176

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

қолдарындағы жазылған мәтіндерді өзі сенген адам-

дарына өсиет етіп қалдырған. Ал кейбір парақтар сол

кездері орын алған өртке т.с.с. себептерге байланысты

жоғалып кеткен. Сонымен қатар, сахабаларға тән жаз-

баша хадис нұсқаларының көбі Пайғамбарымыздың

кезінде жазылып, өздері қайтыс болғаннан кейін ба-

лалары, немерелері немесе жақын туыстары арқылы

басқаларға жеткізіліп отырған. Абдуллаһ ибн Амр

ибн Ас, Жәбир ибн Абдуллаһ, Әли ибн Әби Талибтің

нұсқасы, Сәмура ибн Жүндуб, Әбу Һұрайра, Абдуллаһ

ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Омар, Сағд ибн Үбәдә хадис

тарихында өздеріне тән жазылған хадис нұсқалары

болған сахабалар қатарында аталады.

Хәммәм ибн Мунәббихтің «Сахифәтус-

сахиха» атты хадис жинағы

Табиғин кезеңіндегі танымал ғұлмалардың бірі

Хәммәм ибн Мүнәббих (қ. 40-131 ж.) – хадис сала-

сында ең көп хадис жеткізген сахаба Әбу Һұрайраның

көзін көріп, содан хадистерді тікелей өзінен жазып

алған кісі. Ол жазған хадистерін топтастырып, жасаған

жинағын «Сахифәтус-сахиха» деп атаған. Бұл хадистер

бізге Әбу Һұрайрадан алған күйінше сақталып жеткен.

Профессор М. Хамидуллах бұл жинақтың екі нұсқасын

Дамаск пен Берлин кітапханаларынан тапқан. Ахмад

ибн Ханбәл өзінің «Мүснәд» атты еңбегінде осы

хадистерді келтірген. Имам Бұхаридың да «Сахих» атты

еңбегінде әртүрлі бөлімдерде Хәммәм ибнМүнәббихтің

жинағынан хадистер келтірілген. Табылған қолжазба

мен хадис жинақтарында келтірілген хадистердің

кезінде жоғалып кеткендігі айтылады. Сонымен қатар кейбір

кітаптар хижраның тоғызыншы ғасырына дейін сақталған.