179
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
сахабалардан жеткен хабарларды хатқа түсіре бастаған.
Ибн Шихаб әз-Зухри – Омар ибн Абдулазиз кезеңінде
хадистерді жинағандардың алғашқыларының бірі.
Бесінші халифа оның осы еңбегінің жемісін көрген де
еді. Ол әз-Зуһридің жинастырған хадистерін жазғызып,
көбейтіп, жан-жаққа жібергізді
255
. Хадистердің жина-
стырылуында оның еңбегі орасан зор.
Осы ғылыми бастаманың арқасында арада көп
өтпестен хижри екінші ғасырдың алғашқы жарты-
сында хадиске байланысты ірі кітаптар жазыла баста-
ды. Бұл кітаптар бір-біріне жақын кезеңдерде әртүрлі
аймақтарда жазылды. Бір кездері хадистерді парақтар
мен дәптерлерге жазған ғалымдар енді хадистерді
тақырыптарына қарай реттестіріп жаза бастады.
Бұлар жинастырылу ерекшеліктеріне қарай «мусан-
наф», «жамиғ», «муснәд» т.б. деп атала бастады. Ең
алғаш мұндай кітапты кім жазғаны жайлы нақты
мәлімет жоқ, дегенмен алғашқы хадис тарихына бай-
ланысты кітаптарда мына кісілер аталады: Меккеде
Әбдүлмәлик ибн Абдулазиз ибн Жүрәйж әл-Басри
(қ.150 Һ.), Мәдинада Мәлик ибн Әнәс (93-179 һ.)
немесе Мұхаммед ибн Исхақ (қ.151 һ.), Мұхаммед ибн
Абдуррахман ибн Әби Зибб (80-158 һ.) имам Мәликтің
«Муатта» атты жинағынан да көлемді «Муатта»
жинағын жасаған. Басрада Рәби ибн Сәбих (қ. 160 һ.)
немесе Саид ибн Әби Арубә (қ. 156 һ.), Куфада Суфиан
әс-Сәури (97-161 һ.), Йеменда Мамер ибн Рәшид (95-
153 һ.), Шамда Имам Абдуррахман ибн Амр әл-Әузәи
(88-157 һ.) т.б.
256
255
Жамиул-бәйән
256
әл-Мухаддисул-фасыл,
155-б.