183
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
болып саналады. Дұға тілегенде, азан шақырылғанда,
жұма күні, мешітке кіріп келе жатқанда, намазда «әт-
тахият» дұғасынан кейін, кітаптан Пайғамбарымыздың
есімін оқығанда немесе жазғанда т.б. жағдайларда са-
лауат айту – мұстахап. Салауат айту барысында оған
сәлем жолдауды да ұмытпаған дұрыс.
Салауат тек пайғамбарларға арналып айтылады.
Алайда Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтылған
кезде, оның пәк ұрпағы мен сахабаларын қоса айтуға
болады. Мұсылман мәдениетінде салауаттың көптеген
түрлері бар. Әсіресе әулие кісілер Пайғамбарымызға
(с.а.с.) бар сүйіспеншіліктерін арнап, тілдерімен
жеткізе алғанша ұзын-ұзын салауат пен сәлем жолдауға
тырысқан. Ал салауаттың ең қысқа, әрі ең көп айтыла-
тын түрлері төмендегідей:
«Ас-салату уәс-сәләму алә Мұхаммәд» (салат, яғни
Аллаһтың рақымы және сәлем Мұхаммедке болсын!),
«Аллаһуммә салли уә сәллим алә Мұхаммәд» (Раббым,
Мұхаммед пайғамбарға рақымыңды төгіп, оған есендік
жолдай гөр!), «Ас-салату уас-сәләму алә Мұхаммәдин,
уа алә әлиһи уа сахбиһи ажмаин» (Салауат пен
сәлем Мұхаммед пайғамбарға, оның ұрпағына және
сахабаларының бәріне болсын!)
Пайғамбарымызға салауат айту, біріншіден,
діни міндетіміз. Екіншіден, оған деген құрметіміз
бен сүйіспеншілігіміздің белгісі, себебі адам жақсы
көргенін әрдайым жақсылықпен еске алып, қайырлы
тілектерде болады емес пе? Ендеше бұған ең лайығы
әрине, адамзаттың төресі – Мұхаммед пайғамбар
(с.а.с.). Үшіншіден, салауатты көп айтқан үмбетінАллаһ
елшісі (с.а.с.) қияметте танитын болады. Төртіншіден,
салауатты көп айтқан кісіге Пайғамбарымыз шапағат