188
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбарымыз шапағат еткен жандардың
жаннатқа кіретініне кәміл сенген ата-бабамыз енді
бірде:
Шапағат қылсын пайғамбар,
Сол кісіге үмбетпіз.
Бір құдайдың құлымыз,
Күтемін сауаптар қылса,
Құдай бір болар күніміз.
Пайғамбар сонда дергаһы,
Таразыға тартылар,
Күнәміздің көп, азы.
Айналар оңға ісіміз,
Айдаса сират көпірге.
Шапағат етіп пайғамбар,
Болмасын тоқтау жолымыз.
Ғибрат етіп, жақсылар,
Жаннатқа әбден кірген соң,
Ұстасын оң қолымыз.
Шапағат етсе пайғамбар,
Жаннатқа неғып кірмейміз,
267
−
деп жырлайды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ең көп кімге шапағат етеді?
Мұны да хадистерден оқып-білген халқымыз:
Атың жақсы, Мұхаммед,
Айналайын атыңнан,
Нұрдан болған затыңнан.
Ғарасаттың күнінде
Үмбетің ерер артыңнан.
Қиямет күн болғанда,
Жан жиылып толғанда
Сиратқа айдап барғанда,
Көп үмбетің не болар.
267
Бабалар сөзі, I, 74-б.