Previous Page  190 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 190 / 200 Next Page
Page Background

190

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Кейбір шығармаларда авторлар өздері үшін де

шапағат сұрайды. Мысалы, «Қисса-и ан хазірет

Расулдың миғражға қонақ болғаны» атты қиссаны

жырлаушы:

Мұхаммед Тәңірі досы Хақ Мұстафа,

Таңда шапағат қыласың үмбетіңе.

Жан біткеннің ішінде мен күнәһар,

Жылатып сонда мені құр тастама

272

, – деп тілегін

білдірсе, Қожа Жүсіпбек:

Мұхаммед Расулалла пайғамбарым,

Махшар күні шапағат қыл, бел панаһым

273

, – дейді.

Атақты Нұржан ақын бұл тілегін жыр шумақтарына:

Мұхамбет-Расулалла, хақ пайғамбар,

Жәрдем ет шапағатшым сенсің енді.

Мұнда да зәредайдан жарылқанып,

Жұмақтың миуаларын берсем енді,

деп

кестелейді.

Ақын-жырауларымыз тек қана шапағат сұрап

қоймай, тыңдаушыларына ардақты Пайғамбардың

шапағатына лайық болу үшін өздерінің де әрекет

ету керектігін шешен тілмен, әрі қызықтыра отырып

жеткізеді. Мұның желісінде сол құлшылықтарды

жасауға шақыру да бар. Мұсылман ғалымдар

Пайғамбарымыздың шапағатына ие болуға жол ашатын

құлшылықтардың қатарына сүннеттерді орындау, көп-

көп салауат айту, діннің тірегі болған намазды оқу,

күнәларына тәубе ету секілді салиқалы амалдар жата-

тынын айтса, ақындарымыз мұны да өлең жолдарымен

халыққа жеткізе білген. Мысалы, намаз немесе жалпы

құлшылық жайлы:

272

Бабалар сөзі, I, 96-б.

273

Бабалар сөзі, II, 108-б