191
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Жамағат, тіршілікте оқы намаз,
Пайғамбар ақиретте алтын қазық, – деп бұл дүниеде
ең басты ғибадат болып саналатын намазды оқыған
адамдарға хақ Пайғамбардың оларға алтын қазықтай
тіреу болатынын айтса, бұл дүниеде құлшылық
қылмай, тек қана жайдан-жай қарап отырып, «менің
шапағатшым бол» деудің орынсыз екенін:
Құдайдың құлшылығын қылмай кетсең,
Жетпейді пайғамбарға айтқан арыз,
−
деп ескертеді.
Пайғамбарымыздың сүннетін орындаудың да
шапағатқа ілінуге себеп болатынын әсем тілмен
жеткізген ақындарымыз:
Уассалауат уассалам пайғамбарға,
Шапағат қыл сүннетің қылған жанға.
Немесе:
Мол қылар шапағатын махшар күні,
Құлшылық дәйім қылсаң сүннетіне, – деп жырлай-
ды.
Пайғамбарымызға салауат айту да – оның
шапағатына кенелуге бір себеп. Ал салауат дегеніміз
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһ тағаланың ерекше
рақымына бөленіп, дәрежесінің көтеріліп, мерейінің
үстем етілуін тілеу. Яғни, үмбетінің пайғамбарына
деген ізгі тілегі деуге де болады. Үмбеті оған салауат
айтқан сайын оның мақам махмуды, биік дәрежесі одан
әрі асқақтап, шапағат ету ауқымы кеңейе түседі.
Хақ елшісі Мұхаммед (с.а.с.) хадисте:
«Қиямет күні адамдардың маған ең жақыны –
мына дүниеде маған көп салауат айтқан адам»
274
–
деген. Қиямет күні адамзаттың ардақ тұтар Тұлғасына
(с.а.с.) ең жақын адам болу – кімнің де болсын арманы.
274
Тирмизи
, Салат, 357.