Previous Page  189 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 189 / 200 Next Page
Page Background

189

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Періштелер ергенде,

Кей адамдар өтеді.

Кей адамдар кетеді.

Күнәсі ауыр адамдар

Қияметте не етеді? – деп хазірет Пайғамбардың

Аллаһ тағаладан үмбетінің күнәсінің кешірілуін

сұрағанын айтады

268

. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жай-

ында хадисінде:

«Шапағатым

үмбетімдегі

үлкен

күнә

жасағандарға»

269

,

деген.

Көңілге кіріп, жүрекке тікелей жол тапқан осын-

дай жыр жолдары арқылы ақын-жырауларымыз

халқымызға дінді насихаттаса, бір жағынан сол

қызметтері арқылы Аллаһ тағаланың разылығына,

Пайғамбарымыздың шапағатына кенелуді үміт еткен.

Сол үшін жазған қисса-дастандарының, жырларының

арасына осы тілектерін білдірген өлең жолдарын

қосып отырған. Мысалы, «Қисса-и салсалда» жалпы

халықтың атынан:

Пайғамбар мекен тұтқан Мәдинада,

«Үмбетім» десін бізді о дүниеде

270

, – делінсе, XVIII

ғасырдың дүлдүлі Қабан жырау өзінің жыр жолдарын-

да:

Құдайдың өз достының үмбетіміз

Түссе екен хақ расулдың нұрлы көзі

271

, – деп

халқымыз үшін шапағат сұрайды.

268

Бабалар сөзі, I, 75-б.

269

Тирмизи

, Қиямет, 12;

Әбу Дәуіт,

Сүннет, 23;

Ибн Мажә

,

Зухд, 37.

270

Бабалар сөзі, II, 174-б.

271

Бабалар сөзі-даналық көзі, 95-б.