186
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбарымыздың (с.а.с) шапағат етуі жайында
Құран кәрім:
«Түннің бір уағында оянып
(Құранмен)
өзіңе
тән нәпіл намаз оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы
орынға жеткізуінен үміт етіледі»
261
,
−
дейді. Аятта
айтылған мақтаулы орын (мақам махмуд) – ақиретте
шапағат ету орны.
Пайғамбарымыздың ақиретте шапағат етуі жайлы
бірнеше хадистер жеткен. Мысалы, бір хадисте:
«Мен қиямет күні адамзаттың мырзасы бола-
мын. Неліктен бұлай екенін білесіз бе?»
– деп Сүйікті
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ақиретте адамдар бастарына
қауіп төнгенде Адам (а.с.) пайғамбардан бастап, барлық
үлкен пайғамбарларды жағалап қауға сұрайтынын,
алайда олар азаптан құтқара алмайтындықтарын
айтып, бір-біріне сілтейтінін, ең соңында Мұхаммед
(с.а.с.) пайғамбарға келетіндіктерін, оның Аллаһтан
олар үшін кешірім сұрап, Аллаһтың берген рұқсатымен
оларға шапағат ететінін, солайша азаптан құтқарып
қалатынын айтады.
262
Хадистің түсіндірмесін жасаған
ғалымдар «Мен қиямет күні адамзаттың мырзасы
боламын» деген сөйлемнің мағынасын басқа хади-
стерге де сүйене отырып: «Барлық пайғамбарлар
Мұхаммед Мұстафаның туының жанында жинала-
ды, себебі, оның орны мақам махмуд, яғни үлкен
шапағат орны болады», – деп түсіндіреді.
263
Яғни,
жоғарыда келтірілген аятта Аллаһ тағала ескерткен
мақтаулы орын Пайғамбарымызға тиесілі болып, басқа
пайғамбарлар да оның туының жанында жиналады.
261
«Исра» сүресі, 79
262
Бухари,
Әнбия, 3, 8;
Муслим
, Иман, 5;
Тирмизи,
Қиямет, 11.
263
Хадис ансиклопедиси, XIV, 218-219-б.