Previous Page  184 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 184 / 200 Next Page
Page Background

184

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

етеді, себебі бүкіл әлемге рақым етіп жіберілген сүйікті

елші ең үлкен дұғасын ақиретке сақтаған. Ізіне ерген

үмбетіне ақиретте шапағат етеді. Біз жолдаған салауат пен

сәлем, күнәһар болсақ та, Оның шапағат етуіне себепкер.

Пайғамбарымыз өзі де: «Менің шапағатым – үмбетімнің

арасынан ең үлкен күнә жасағандарға» деген жоқ па еді?!

Ол үшін Пайғамбарымызға деген жүрегімізде сәл де болса

махаббат болуы шарт.

Анығында, салауат айтудың сырлары бұдан да көп.

Бірақ бір анығы, әлемде бүкіл адамзаттың салауаты

мен құрметіне лайық болған Мұхаммед Мұстафадан

басқа ешкім жоқ. Олай болса, Жаратқан Ие жүрегімізге

терең иман, Пайғамбарымызға деген махаббат сыйлап,

мұсылман үмбеті болуға лайық қылсын. Ақиретте Оның

желбіреген ақ байрағының астында жиналып, кәусар

бұлағынан қана ішуді нәсіп етсін! Әумин!