180
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Бұл жинақтардың көбісі Мәлик ибн Әнәстің
«Муатта» атты жинағы тәрізді хадистермен қатар са-
хабалар мен табиғиндердің де пәтуаларын қамтыған.
Оның жинағында үш мың мәселе мен жеті жүз хадис
жинақталған
257
. Содан кейінгі кезеңдерде кейбір
ғалымдар тек Пайғамбарымыздың хадистерін ғана
қамтыған «Мүснәд» деп аталатын жинақтар жаза баста-
ды. Ең алғашқы мүснәд кітабын Әбу Дәуіт Сүлейман
ибн Жәруд әт-Тәиәлиси (133-204 һ.) жинақтаған. Әсәд
ибн Муса әл-Әмәуи (қ. 212 һ.), Ұбайдуллаһ ибн Муса
әл-Абси (қ. 213 һ.), Мусәддәд ибн Басри (қ. 228 һ.),
Ахмәд ибн Ханбәл (164-241 һ.), Исхақ ибн Рахуиә (161-
238 һ.) және т.б. сынды әтбағут-табиғин және одан
кейін келген буынның ғұламалары да кітаптарын осы
тәсілмен жазған.
Одан кейігі кезеңдерде барып танымал кутубус-
ситтә (Бұхари, Мүслим, Әбу Дәуіт, Тирмизи, Нәсәи,
Ибн Мажә) жинастырыла бастады.
Сөз түйіні, сахабалар мен олардан кейін
келген табиғиндер хадистерді риуаят етуге ерекше
жауапкершілікпен қараған, өйткені хадисті көздің
қарашығындай сақтау дінді сақтаумен бара-бар
болып табылатын. Ғалымдар хадистерді иснадтары-
мен (хадистерді жеткізушілердің тізбегі) қоса жазып,
ойдан шығарылған хадистердің бәрін сұрыптап, елек-
тен өткізіп барып кітаптарына енгізген. Олар қазіргі
кездің өзінде сирек кездесетін талғампаздық арқылы
хадистердің сенімді дұрыстарынан әлсіздерін ажыра-
тып, үлкен қажыр-қайрат жұмсап, хадистерді сақтауға
үлес қосқан.
257
А. әл-Хатиб, 317-б.