174
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Садақа кітабы:
Пайғамбарымыз зекетке жата-
тын дүние-мүліктерден алынатын зекеттің мөлшеріне
қатысты діни үкімдерді қамтитын құжаттар жаздырған.
Бұл құжат «Китабус-садақа»
246
деп аталды. Абдуллаһ
ибн Омар (қ. 74/693 ж.) Пайғамбарымыздың садақа
кітабын жаздырғанын және қайтыс боларының ал-
дында оны қалалардағы әкімдерге жолдағанын, кейін
Әбу Бәкірдің (р.а.) өмірінің соңына дейін осы үкімдер
бойынша амал жасағанын, одан кейін халифа болған
Омар (р.а.) да оның үкімдерін пайдаланып өткендігін
айтып кеткен
247
.
Амр ибн Хазмның нұсқасы
Хижраның 10-жылында Нәжран аймағы
мұсылмандардың қол астына қарайды. Пайғамбарымыз
Амр ибн Хазмды (қ. 53/673 ж.) Йемен өңіріне әкім етіп
тағайындайды. Артынша Үбәй ибн Кағбқа (қ. 22/643
ж.) хат жазғызып, оны Амр ибн Хазымға жолдатады.
Ол хатта кейбір кеңестермен қатар дәрет, намаз, зекет,
қажылық, ұмра, басқару, тәлім-тәрбие т.б. қатысты
діни үкімдер бар болатын.
Амр ибн Хазым әкімдік шағында осы үкімдерге
сүйеніп билік жүргізді. Кейін қайтыс болғаннан кейін
бұл құжат немересі Әбу Бәкірде (қ. 120/738 ж.) қалды.
Имам Зуһри бұл нұсқаны содан алып, көбейткен
248
.
246
Садақа кітабы. Оны қазіргі кітап сияқты алуға болмайды. Ол
жекелеген үкімдерді қамтыған қысқаша құжаттар
247
Әбу Дәуіт,
Зекет, 4;
Тирмизи,
Зекет, 4
248
Бұл хаттың кейбір бөлімдері хадис кітаптарында сақталған.
Оның толық мәтіні үшін қараңыз: Мухаммед Хамидуллах,
Мәжмуатул-уәсәиқис-сииасииа лил-әһдин-нәбәуии,
Бейрут,
1985, 206-211-б.