170
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
– Абдуллаһ ибн Амр ибн Асқа (қ. 63/682)
Пайғамбарымыз:
«Ілімді сақтаңдар» деді. Ол: «Ілімді
қалай сақтау керек?» деп сұрағанда: «Жазу арқылы»,
–
деп жауап қайырды
237
.
– Абдуллаһ ибн Амр былай дейді: «Мен
Пайғамбарымыздан естіген нәрселерді тегіс жазып,
жаттап алуға тырысатынмын. Кейбір құрайыштықтар
менің бұл ісіме бөгет жасағысы келіп: «Пайғамбар
не айтса, соның бәрін тегіс жаза бересің бе? Ол да
өзгелер секілді адам баласы ғой. Кейде ашуланып
айтып жіберуі мүмкін емес пе?» – деді
238
. Абдуллаһ
ибн Амр бұл жағдайды Аллаһ елшісіне жеткізгенде, ол
аузын нұсқап:
«Шыбын жанымды құдіретті уысында
ұстаған Аллаһ тағалаға ант етейін, бұл ауыздан хақ
сөзден басқа нәрсе шықпайды»
239
,
– деген.
– Меккенің азат етілуі кезеңінде Аллаһ елшісі
бірқатар шариғи әмірлермен қоса адам құқықтарын да
қамтитын кең көлемді сөз сөйледі. Тыңдағандардың
бірі Йемендік Әбу Шах атты кісі осы айтқандарын
жазғызып беруін өтінгенде, Пайғамбарымыз сахаба-
ларына:
«Осы айтқандарымды Әбу Шахқа жазып
беріңдер!»
– деді
240
.
– Әбу Һұрайра: «Сахабалар арасында Абдулаһ
ибн Амрдың тысында менен көп хадис білетін адам
жоқ еді, өйткені Абдуллаһ хадистерді жазатын, мен
жазбайтынмын», – деген.
237
Хаким,
Мустәдрәк,
1-т., 106-б., Ибн Әбдилбәрр,
Жамиу
бәйянил-илм, 1, 73
238
Әбу Даууд,
Илм, 3
239
Әбу Даууд,
Илм, 3;
Хаким,
Мустәдрәк, 1-т., 105-106
240
Бұхари,
Илм, 39