Previous Page  165 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 200 Next Page
Page Background

165

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Мұндай оқиғалар хадис ілімі тарихында көптеп

кездеседі. Есте сақтау қабілеті дегенді жай бір дағды

деп қабылдамау қажет. Бұған ерекше мән берген

хадис ғалымдары оны анықтаудың түрлі тәсілдерін

дамытқан. Ғалымдар хадис жеткізушілердің жаттау

әрі есте сақтау қабілетінің күштілігіне, әділдігіне

көз жеткізбестен, олардың айтқан хадистерін дұрыс

деп қабылдамайтын. Осы мақсатта «Әсмаур-рижал»,

«Жәрх уа тағдил»

227

атты кең көлемді еңбектер жа-

зылып, хадис жеткізушілердің өмірбаяндары егжей-

тегжейлі зерттелген. Кейбір адамдар басқалардың

кемшілігін іздеу шариғатқа сай келмейді деп

қарсы шыққан. Алайда ақиқатқа жету үшін бұның

қажеттілігін жақсы түсінген ғалымдар «ақиретте

Аллаһ елшісінің «менің хадистерімді өтіріктен неге

қорғамадың?» дегенін естігеннен гөрі олармен есепте-

су оңайырақ» деп, хадистерді жалғаннан қоғауға дінді

қорғау деп қараған

228

. Тарихи шындықты кейінгілерге

жеткізу тұрғысынан алғанда, әлемде осыншалықты

қатаң да әділ сыннан өтіп барып жеткен ешқандай да

тарихи мұра жоқ десек, артық айтқандық емес. Ал

осы нағыз ғылыми тәсілді мұсылман ғалымдары сонау

ерте ғасырларда-ақ қолға алып, дамытты. Басқалардың

227

Хадис терминологиясында «жәрх» деп есте сақтау қабілеті

күшті сенімді ғалым кісінің өзіне яки сенімділігімен аты

шыққан хадисшілерге қарама-қайшы хабарларды жеткізуі

жағынан бойында сенімсіздік тудыратын жағымсыз сипаттар

(күнә жасау, өтірік айту) ұшырасқан адамның риуаятын

алмауға айтылады. Ал, «тағдил» – әділдік, хадис жеткізушінің

немесе куәгердің сөзінің сенімді екенін білдіретін сипат.

228

Хатиб әл-Бағдади, әл-Кифая фи илмир-риуая, Мәдина, 45-б.,

Сонымен қатар кең мәлімет үшін қараңыз: Е. Ашыккутлы,

Хадисте рижәл тенкиди жәрх уә тағдил илми, Стамбул, 1977