Previous Page  161 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 200 Next Page
Page Background

161

Сүннеттің жазылуы мен

сақталуы

Ислам дінінде Құраннан кейінгі ең негізгі діни

қайнар көз хадистер болып табылады. Бұны бүкіл

мұсылман жұртшылығы ерекше құрметтейтін «әһл-

сүннет уәл-жамағат» ғалымдарының ешқайсысы жоққа

шығармаған. Алайда соңғы ғасырларда хадис пен

сүннеттің діни мәселелерде дәлел ретінде қолданылуы,

оған мойынсұнудың міндеттілігі мен сенімділік

деңгейіне қатысты түрлі ойлар айтылып, күдік-

күмәндар тарала бастады. Ислам тарихына қарасақ,

хадистерді сынауға бағытталған бұл қозғалыстың

әсіресе 19-ғасырда Мысыр мен Үндістанда кең етек

алғанын көреміз. Ал Үндістан жерінде бұл бағыт

жүйелі түрде әрекет жасаған, өйкені бұл аймақтарда

модернизм мен батыс мәдениетінің ықпалы қарқынды

түрде жүргізілгенін есепке алған жөн. Сонымен

қатар, мұндай күмәнді ой-пікірлердің ғылыми негізде

жүзеге асуында батыстық шығыстанушылардың әсері

аз болмаған. Батыстық шығыстанушыларға тән бұл

сыншылдық ағымы (критицизм) әу баста Інжілді

сынау мақсатында пайда болып, кейін жүйелі түрде

дамытылған. Әрине, батыстықтар үшін бұрмаланған

әрі өз ішінде қайшылықтар жиі кездесетін Інжілді

сынға алу орынды болған шығар, алайда дәл сол

өлшемдермен Құран мен хадистерді сынау – өрескел

қателік. Дегенмен, батыстық сыншы, зерттеушілердің