Previous Page  162 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 200 Next Page
Page Background

162

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

негізсіз теориялары кейбір мұсылман ғалымдарына да

әсер етіп, бірте-бірте хадистерді сынаушылар шыға ба-

стады. Бұл түсініктегілер тіпті хадистің дінімізде дәлел

бола алатынын жоққа шығаруға дейін барды. Алайда,

мұндай жаңсақ пікірлерге мұсылман ғалымдарының

дәлелді әрі жүйелі түрде тойтарыс беруінің арқасында

аталмыш ағым мұсылмандар арасында кең жайыла

алмады.

Мұсылман ғалымдары ерте ғасырлардан бері

хадистердің жиналуы-жазылуы және сақталуына

қатысты көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп,

көлемді еңбектер жазған. Осы тұрғыда мынаны баса

айта кету керек: жалпы адамзат тарихында хадис

ілімдері мен хадистерді алу-жеткізу мәселесінде

орын алған ерекше жауапкершілік басқа ешқандай

кітаптарда кездеспейді.

Хадистер ІІІ ғасырда ғана жазыла бастады деген

пікірлер бар, бірақ ол дұрыс емес. Хадистердің

Пайғамбарымыздың кезеңінің өзінде жазыла

бастағанын төмендегі деректерге сүйене отырып

дәлелдейміз. Әуелі хадистерді сақтаудың жазудан

басқа да жолдары болғанын айта кету керек. Негізгі

тақырыпқа кіріспей тұрып осыларға қысқаша тоқтала

кетейік.

1. Жаттау

Сахабалар Құранмен қатар Пайғамбарымыздың

сөздерін де ерекше ыждағатпен жаттайтын, өйткені

Аллаһ елшісі (салаллаһу аләйһи уә сәлләм): ُ

نَضّرَ اللُّ امْرَءًا سَمِعَ مِنّا شَيْئًا فَبَلّغَهُ كَمَا سَمِعَه