Previous Page  158 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 200 Next Page
Page Background

158

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

қажет етеді. Әлбетте, оларды түсіндіру де Жаратушыға

тән, өйткені құлдарына міндет жүктеген және ондағы

мақсаттарды да білетін Өзі. Міне, осындай түсіндіру

Аллаһ тағала Өз елшісіне үйреткен сүннет арқылы

жүзеге аспақ. Бүкіл әлемдердің Иесі Аллаһ

«Адамдар

үшін түсірілгенді түсіндіруің үшін Біз саған Зикрді

(Құранды) түсірдік»

(«Нахл» сүресі, 44) деп, ұлы

Елшінің (с.а.с.) міндетін айқын баяндап тұр. Бұған

байланысты кейбір мысалдарды жоғарыда келтірген

болатынбыз.

«Құран бар кезде сүннетке қажеттелік жоқ» деген

адамдар ғибадат пен муамалатқа (адамдар арасындағы

қатынас) байланысты намаздардың уақыты, қанша

рәкәт екенін, қалай орындалатынын; оразаның шартта-

рын; қажылықтың қалай орындалатынын, қанша тауап

жасалатынын, Арафатта тұру уақытын, ихрамның

қалай болатынын; зекетке байланысты, қандай мал-

мүліктен қанша көлемде зекет алынатындығын,

алтын, күміс, қой, сиыр және түйелердің қалай болуы

керектігін және т.б. Ислам құқығына байланысты

көптеген жағдайларды қайдан білер еді? «Бұның бәрін

Аллаһ елшісі, сахабалар және сахабалардың көзін

көрген алғашқы ғалымдар дұрыс білмейді, Құранды

мен ғана немесе мен сияқты ойлайтындар ғана біле

аламыз, олардың сөзін тыңдамай бізді тыңдаңдар» деу

Пайғамбардан өзін жоғары қою, өз шамасын білместік,

надандық және мұсылман үмбетінің ғұламаларына

жала жабу болып табылмай ма? Негізінен, «Біз тек

қана Құран бойынша амал етеміз» деушілердің

діннен шығатынын Ислам ғұламалары бірауыздан

қабылдайды

217

.

217

Ибн Хазм,

Ихкам, 1/214