Previous Page  153 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 200 Next Page
Page Background

153

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

тұрып су ішесің?» – дегенде, хазірет Али «Егер түрегеп

тұрып су ішсем, Аллаһ елшісінің түрегеп тұрып

ішкендігін көргендіктен ішемін, егер отырып ішсем,

Аллаһ елшісінің отырып ішкенін көргендіктен солай

ішемін»

204

– деп жауап берген.

Тағы бірде хазірет Али (р.а.) мәсінің үстіне мәсіх

тартуға байланысты: «Аллаһ елшісінің мәсінің үстіне

мәсіх тартқанын көргенге дейін, мен мәсінің үстіне

мәсіх тартқаннан гөрі астына тартуды абзалырақ

санайтынмын»

205

– деп, сүннетке бойсұнудың керемет

үлгісін көрсеткен.

Абдуллаһ ибн Омар Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

сүннетіне деген мұқият бағыныштылығы мен оны

сақтау үшін жұмсаған ынта-жігері арқылы аты

шыққан кісі еді. Кез келген жағдайда Аллаһ елшісінің

істегендерін айнытпай қайталайтын. Үнемі аузынан та-

стамай қайталайтын аяттарының бірі

«Расында, сендер

үшін Аллаһ елшісіннің бойында көркем өнегелер бар

»

(«Ахзаб», 21) деген аят еді.

Абдуллаһ ибн Омардан «жолаушы намазын

Құраннан таба алмадық» деген кезде, ол «Аллаһ

тағала бізге Мұхаммедті (с.а.с.) жіберген кезде, біз еш

нәрсе білмейтін едік. Күмәнсіз, Мұхаммедтің (с.а.с.)

қалай істегенін көрсек, біз де солай істейміз»

206

– деп,

сүннетке қалай бағынатындықтарын көрсеткен бола-

тын.

– Бухаридің жинағында келтірілген бір хадис бой-

ынша, Пайғамбарымыз бір кезде алтын жүзік таққан.

Сахабалардың арасында да алтын жүзік таққандар

204

Муснәд, 1/134

205

Әбу Дәуіт,

Таһара, 63

206

Муснәд, VIII, 68