148
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
«Сендерге мына екі нәрсені тастап барамын. Со-
ларды берік ұстансаңдар, ешқашан адаспайсыңдар. Ол
– Аллаһтың Кітабы (Құран) мен елшісінің сүннеті»
191
және де: َّ
مَنْ أَطَاعَنِي فَقَدْ أَطَاعَ اللَّ وَمَنْ عَصَانِي فَقَدْ عَصَى الل
«Маған бойсұнған, анығында, Аллаһқа бойсұнған
деген сөз, ал маған қарсы шыққан, еш күмәнсіз,
Аллаһқа қарсы шыққанмен бірдей болады»
192
деп аса
маңызды әрі айқын өсиет қалдырған.
Иә, шын мәнінде, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
жолы – Аллаһ тағаланың нұрлы жолының нақ өзі.
Оны қабылдамау – Аллаһ тағалаға қарсы шығумен
тең. Ойланып көрейікші. Аллаһ тағала құлдарының
арасынан Өз дінін жеткізуге лайық тұлғаны таңдап,
оның көкейіне Өз сөздерін салып, күнәден сақтап
193
елші жіберсе, ол Ардақты елші (с.а.с.) Жаратушының
жіберген бұйрықтары мен тыйымдарын адамдарға
жеткізіп, оны түсіндірсе, бұны қабылдамауды қалай
түсінуге болады?!
Басқа бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне
қарсы шығып, айтқандарын қабылдамағандар жайлы:
كُلّ أُمّتِي يَدْخُلُونَ الْجَنّةَ إِلّ مَنْ أَبَى. قَالُوا يَا رَسُولَ اللِّ وَمَنْ
يَأْبَى؟ قَالَ: مَنْ أَطَاعَنِي دَخَلَ الْجَنّةَ وَمَنْ عَصَانِي فَقَدْ أَبَى
«Бас тартқандардың тысында үмбетім тегіс
жаннатқа кіреді», – дегенде, тыңдаушылар «О,
191
Муатта,
Қадар, 3
192
Бухари,
Ахкам, 1
; Ибн Мажә,
Муқаддима, 1
193
Пайғамбарларды ысма (күнәдан сақталуы) сипаты барлық
мұсылман ғалымдары тарапынан қабыл етілген.