151
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
нында еді. Оның мешіті әрі үй, әрі тәрбие мектебі еді.
Сахабалар оның істеріне және сөздеріне куәлік етіп,
істегендерін басшылыққа алды. Қысқаша айтқанда,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) олардың діни әрі күнделікті
өмірінің жол көрсетушісі болды.
Мұсылмандар Расулаллаһтан (с.а.с.) кез келген
мәселені сұрап үйренген және үйренгендерін өздерінен
кейінгілерге де жеткізген. Сахабалардың барлығының
бірдей күнделікті өмір сүру қажеттілігіне байланы-
сты күнде Аллаһ елшісін тыңдау мүмкіндігі жоқ еді.
Алайда олар Аллаһтан жаңа бір үкім келіп-келмегені
жайлы ұдайы бір-бірлерінен сұрастырып жүретін.
Сахабалардың айтқанындай, «ол кезде өтірік айту деген
түсінік жоқ еді»
199
. Кейде олар Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) қасына кезектесіп баратын. Әзірет Омар
мен ансарлық сахаба көршісінің кезек-кезек Аллаһ
елшісіне (с.а.с.) баруы бұған жақсы үлгі бола алады
200
.
Бұған байланысты басқа да көптеген дәлелдерді хадис
жинақтарынан көре аламыз. Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) тіпті әйелдердің сұрауы бойынша, олар үшін
арнайы бір күн белгілеп, оларға діни үкімдерді
үйреткендігі жөнінде де хадистерде баяндалады
201
.
Осының бәріне куә болған сахабалар әрдайым
сүннетті негізге алып, оған қайшы келетін іс жасамауға
бар жанын салған. Бұған дәлел ретінде бірнеше мысал
келтірейік:
199
әл-Мухаддисуль-фасыл бәйнәр-рауи уәл-уа‘и, 32-33; әл-
Жами ли-ахкамир-рауи уәл-әдәби-сами‘, 12-ден, М. Ажжаж
әл-Хатиб, 71
200
Бухари,
Илм, 27
201
Бухари,
Илм,35