Previous Page  157 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 200 Next Page
Page Background

157

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Жаратушы Иеміз өз үкімдерінде Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) сүннетіне де орын қалдырған

214

.

Бұған Әбу Надраның Имран ибн Хусайннан

жеткізген мына оқиғасы мысал бола алады: «Бір кісі

келіп одан бір сұрақ сұрайды, ол жауап бергеннен

кейін әлгі кісі: «Аллаһтың кітабындағы нәрселерден

басқаны бізге айтпа», – дегенде, Имран ашуланып:

«Сен қандай ақымақ адамсың! Сен бесін намазының

төрт рәкәт екенін және оның құпия оқылатынын

Аллаһтың кітабынан таба аласың ба?» – дегеннен кейін

басқа да намаздарды тізбектеп, зекет туралы және т.б.

нәрселерді айтқаннан соң, «ОсылардыАллаһ тағаланың

кітабынан егжей-тегжейлі айтылғанын көрсете аласың

ба? Аллаһ тағала бұл үкімдерді белгілеген, ал сүннет

оны тәпсірлеп түсіндірген», – деген

215

.

Абдуррахман ибн Язид Қағбаны тауап жасап

жүріп, ихрамының үстінен киім киіп алған бір кісіні

көреді. Абдуррахман бұлай жасауға болмайтынын

ескерткен кезде, әлгі кісі «Киімімді шешуге байланы-

сты маған Құраннан аят келтір» деп дес бермей қояды.

Сонда ол «Хашр» сүресіндегі

«Елші сендерге не берсе

соны алыңдар, ал неден тыйса содан тыйылыңдар»

(«Хашір» сүресі, 7) деген аятты оқиды

216

. Жоғарыдағы

мысалдардан байқағанымыздай, сахабалардың аяттағы

«атакум» сөзін «Пайғамбарымыздың сүннеті» деп

қабылдағаны анық көрініп тұр.

Құранда ықшам, қысқа әрі нұсқа айтылған аяттар

көптеп кездеседі дедік. Бұлар өз кезегінде түсіндіруді

214

Шафии,

әр-Рисәлә

, 22-б., 43-б.

215

Юсуф ибн Әбдулбәрр,

Жами‘у бәйәниль-илм уә фадилиһи,

Мысыр, 2 т., 191-б. (Ажжаж, 89)

216

Шатыби,

Муафақат, 4/18

; ас-Сибаи,

ас-Сунна,

386-б.