152
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көз жұмардың алдында
Рим империясына қарсы әскер жасақтайды. Ол әскерге
Усама инб Зәйдті (р.а.) қолбасшы етіп тағайындап,
жорыққа аттануына бұйрық береді. Алайда Аллаһ
елшісінің дәм-тұзы таусылып, әскер жорыққа аттан-
бай қалады. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
қайтыс болғанын естіген жалған пайғамбарлар
(Мүсәйләмәтул-кәззәб, Әсуадул-Әнси т.б.) жан-
жақтан бүлік шығарып, Исламға қауіп төндіре ба-
стайды. Халифа болып сайланған Әбу Бәкір осындай
сын сағаттың өзінде басқалар қарсы шықса да, қандай
жағдай болса да Пайғамбарымыз (с.а.с.) бастаған
ісін аяқсыз қалдырмайтынын айтып, Усама бастаған
әскерді жолға аттандырады
202
.
Екінші халифа Омар ибн Хаттаб (р.а.) қайтыс болар
кезде, одан: «Уа, мұсылмандардың әміршісі! Өз орныңа
біреуді ұсынасың ба?» – деген кезде, ол сүннетке қалай
бағынатындығын көрсетіп: «Егер орныма біреуді
тағайындар болсам, шындығында, менен қайырлы
болған (Әбу Бәкір) орнына адам тағайындап кетті.
Ал тағайындамайтын болсам, менен қайырлы болған
(Пайғамбарымыз) тағайындамай кеткен болатын»
203
деген-ді.
Сахабалар үшін сүннет қасиетті аманат еді, сол
себепті олар сүннетке бағынған кезде, Аллаһ елшісіне
деген шынайы жақындыққа қол жеткізетін. Сахабалар
ғибадатта ғана емес басқа істерде де Аллаһ елшісінен
көргендеріндей істеуді артық санайтын. Майсараның
риуаят етуі бойынша, ол Алидің (р.а.) түрегеп тұрып
су ішкенін көрген кезде, оған: «Сен қалайша түрегеп
202
М. Ажжаж әл-Хатиб, 90-б
203
Бухари,
Ахкам, 51