Previous Page  149 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 200 Next Page
Page Background

149

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Аллаһтың елшісі, кім бас тартушы еді?» – деп

сұрағанда, «Кім маған бағынса, жаннатқа кіреді, ал

кім қарсы келсе, сол бас тартушы»

, – деп айтқан

194

.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінен кейін туындауы

мүмкін дінбұзарлық пен келіспеушіліктен сақтанудың

жолын сүннет арқылы мүмкін болатынын:

فَإِنّهُ مَنْ يَعِشْ مِنْكُمْ بَعْدِي فَسَيَرَى اِخْتِلاَفاً كَثِيراً، فَعَلَيْكُمْ

بِسُنّتِي وَسُنّةِ الْخُلَفَاءِ الرّاشِدِينَ الْمَهْدِيِّينَ تَمَسّكُوا بِهَا وَعَضّوا

عَلَيْهَا بِالنّوَاجِذِ

«Менен кейін өмір сүргендер көптеген

келіспеушіліктер мен дау-дамайға куә болады. Сендер

менің сүннетіме және әділ де тура жолға бастау-

шы халифаларымның (алғашқы 4 халифа) сүннетінен

мықтап ұстаныңдар. Оларға азу тістеріңмен

жармасыңдар»

195

деп көрсетіп кеткен.

Тағы басқа хадистерде оның сүннетін басшылыққа

алмағанның

үмбетінен

саналмайтындығы

196

,

адасушылыққа түсетіндігі

197

жайлы айтылған. Көріп

отырғанымыздай, бұл хадистерде айтылған мәселелер

аяттарда да кездеседі, сондықтан хадистер – Аллаһ

тағаланың да үкімдерін қамтыған дәлелдер болып та-

былады.

Аллаһ тағаланың және пайғамбарымыздың осын-

шама бұйрықтары мен өсиеттерін көре тұра оларға

194

Бухари, Итисам, 2; Ибн Мажә, Муқаддима, 1

195

Трмизи, Илм, 16; Ибн Мажә, Муқаддима, 6

196

Ибн Мажә, Никаһ, 1

197

Муслим, Имара, 50; Әбу Дәуіт, Сунна, 46; Ибн Мажә,

Мәсәжид, 14