144
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Екі жаһанның сұлтаны, пайғамбарлардың падишасы-
на (с.а.с.) бағынып, оның айтқандарына бойсұнбауды
қалай түсінуге болады?! Бұл бойсұну мемлекет, билік,
саясат, экономика және тұрмыстық көптеген Құранда
нақты үкімі жоқ мәселелер болса, онда әрине, оны
бірінші Пайғамбарымыз (с.а.с.) шешеді, егер сүннетте
де жоқ болса, оның шешімі үмбеттің ғалымдары мен
басшыларының еншісінде, сондықтан басшыларға
бағынуды қабылдамау (басшылар діннің үкіміне
қайшы үкімдер шығармаған жағдайда) қоғамда анар-
хия тудыратындықтан діннің қағидасына қайшы
келеді
184
.
«Аллаһқа әрі елшісіне бойсұныңдар, өзара
жанжалдаспаңдар, әйтпесе үрейленесіңдер де
құттарың қашады және сабырлы болыңдар...»
185
Бұл
аят Аллаһ пен елшісіне бағынудың бірлік пен күш-қуат
қайнары екенін нұсқауда. Олай болса, бірлік пен күш-
қуаттан айырылмаудың жолы – Аллаһ елшісінің, яғни
оның сүннеті бойынша амал етуде жатыр.ُّ
قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبّونَ اللَّ فَاتّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ الل
«Егер Аллаһты жақсы көрсеңдер, маған
бағыныңдар, сонда Аллаһ тағала да сендерді жақсы
көреді...»
(«Әли Имран», 31). Иә, «Аллаһ тағаланы
жақсы көремін, айтқандарымен жүремін» деген
адамның, пайғамбарды жақсы көріп, оған бағынбауы,
оның сүннетін ұстанбауы бос сөз.
وَمَا آتَاكُمُ الرّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا
184
Х. Кырбашоглы,
Ислам дүшүнжесінде сүннет
, Анкара, 1996,
2-басылым, 145-271-б.
185
«Әнфәл» сүресі, 46