Previous Page  141 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 200 Next Page
Page Background

141

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

2. Сүннеттен дәлелдер

3. Сахабалардың сүннетпен амал етудегі ерекше

ыждағаттылығы

4. Амалдардың толығымен Құранда болмауы

1. Сүннет – мұсылман өмірінің шамшырағы, ай-

нымас жол сілтеуші серігі. Аллаһ тағала Құран кәрімде

сүннеттің діндегі орнын соқырға таяқ ұстатқандай етіп

анық көрсетіп берген. Төмендегі мына аяттар бұған

бұлтартпас дәлел:

- Құранда бірнеше жерінде төмендегідей мағыналас

аяттар кездеседі:

َهُوَ الّذِي بَعَثَ فِي األُْمِّيِّينَ رَسُولً مِّنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ

وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَة

«Ол сондай Аллаһ: сауатсыздардың өз арасынан

өздеріне Аллаһтың аяттарын оқып, оларды та-

зартатын, сондай-ақ оларға Кітап пен хикметті

(даналықты) үйрететін бір пайғамбар жіберді»

177

,

َكَمَا أَرْسَلْنَا فِيكُمْ رَسُولً مِّنكُمْ يَتْلُو عَلَيْكُمْ آيَاتِنَا وَيُزَكِّيكُمْ

وَيُعَلِّمُكُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُعَلِّمُكُم مّا لَمْ تَكُونُواْ تَعْلَمُون

«Араларыңа аяттарымызды оқитын, сендерді

тазартатын және сендерге Құранды әрі хикметті,

сонымен қатар, білмегендеріңді үйрететін елші

жібергеніміз сияқты»

178

.

177

«Жұма» сүресі, 2

178

«Бақара» сүресі, 151. Құран мен қатар хикмет сөзі өтетін

басқа да аяттар үшін қараңыз: «

Әли Имран» сүресі, 164;

«Бақара» сүресі, 231; «Ниса» сүресі, 113; «Ахзаб» сүресі, 34