147
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
мақсаты тек аяттарды айтып жеткізу емес, оның жүзеге
асырылуын да көрсетіп түсіндіру екенін жоғарыда
келтірілген аяттар мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аят-
тарды түсіндіруінен айқын көре аламыз.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құрандағы үкімдерді
талдап-таратып түсіндірген және сахабалар да оны
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түсіндіріп бергеніндей
қабылдаған, өйткені оларға Аллаһ тағала тарапынан
елшіге мойынсұну бұйырылған.
Негізінде, Пайғамбарымыздың көзі тірісінде
Аллаһ тағаланың кітабымен қатар, Аллаһ елшісінің
сүннеті бірдей маңызға ие еді. Расулаллаһтың сөздері
мен істерін тәрк ету ешбір сахабаның ойына кіріп-
шықпаған. Мұсылмандар (Аллаһ пен елшісінің
бұйрықтарына бойсұнып) Аллаһтың кітабын қалай
қабылдап мойындаса, пайғамбардың сүннетін де
дәл солай қабылдаған, өйткені сүннет – Аллаһ пен
елшісінің (с.а.с.) де куәлігімен Құраннан кейінгі екінші
қайнар көз.
2. Сүннеттен дәлелдер:
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
أَلَ إِنِّي أُوتِيتُ الْكِتَابَ وَمِثْلَهُ مَعَهُ
««Байқаңдар! Күдіксіз, маған Кітап (Құран) мен
қоса оның ұқсасы (сүннет) берілді»
190
деумен қатар
үмбетіне:
ِتَرَكْتُ فِيكُمْ أَمْرَيْنِ لَنْ تَضِلُوا مَا تمَسَّكْتُمْ بِهِمَا: كِتَابَ اللِّ وَسُنّةَ
نَبِيِّه
190
Әбу Дәуіт, Сунна, 5; Муснад, IV/31