Previous Page  150 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 200 Next Page
Page Background

150

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

құлақ аспай, басқа жол іздеу – «мұсылманмын» деген

адамға мүлдем жат қылық.

Аллаһ тағала елшісіне ерекше мәртебе беріп,

жүрегін иләһи нұрға бөлеп, оған білмеген нәрселерін

үйреткен, сол себепті ол – Құран үкімдері мен

Исламның негіздерін түсіндіруші ең бірінші қайнар

көз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне үйретілген Құран

үкімдерінің нәзік сырларын адамдарға жеткізіп, өзінің

керемет мінез-құлығы арқылы адамзаттың көш бас-

шысы болып, олардың жолын нұрға бөледі. Осылай-

ша тура жолдың ең алғашқы ұстазы, адал да турашыл

және сенімді жол бастаушы болды.

3. Сахабалардың сүннетті басшылыққа алудағы

ерекше ыждағаттылығы.

Аллаһ тағала да, елшісі де сахабаларға сүннетке

бойсұнып, оны мықтап ұстануды бұйырған.

Жаратушының бұйрықтарының қалай орындалатынын

көрсеткен Адамзаттың асылына (с.а.с.) сенімді һәм адал

серіктері болған сахабалар елшінің бұйрықтары мен

істерін оның көрсеткеніндей және хабар бергеніндей

етіп орындап, бойсұнды. Сахабалардың осылайша діни

үкімдерде Пайғамбарымызға (с.а.с.) толықтай бағынуы

сүннеттің дінде дәлел екендігін көрсетеді

198

.

Сахабалар Құран мен Пайғамбарымыздың нақты

бұйрықтарын әрдайым орындауға бар күш-жігерін

салатын. Бір аят немесе діни мәселеде қандай да бір

түсініспеушілік туындаған кезде, олар мәселенің

шешімін табу үшін Аллаһ елшісінің (с.а.с.) төрелігіне

жүгінетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен мұсылмандар

арасында ешқашан басқа патшалар секілді кедергі

болмаған. Керісінше, оның үйі де мешіттің дәл жа-

198

Әбдулғани Әбдулбақи,

Хужжииетус-сунна, 60-690